Салық пен айыппұл өсімі, қымбаттайтын бензин, сатира ісі мен Дикий Арманның соты — Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia порталы оқырман назарына аптаның айшықты оқиғаларының легін ұсынады.

Ulysmedia коллажы

2025 жыл айтарлықтай қымбат жыл болады. Тоқаев “көрпеге қарап көсілетін" уақыт келді деді. Үкімет енді Ұлттық қордан ақша алмайды. Демек, бюджет жыртығын толтыратын ақша іздеуге көшеді. Заман шын қиындады ма, әлде бізде біліксіз топ-менеджерлер қаптады ма?

Қазақстанда ақыры қосымша құн салығы өсетін болды. Қазір 12 пайыз болса, Үкіметтің шешімінен кейін 20 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұған дейін оған қарсы болып келген Тоқаев неге райынан қайтып отыр? ҚҚС-ның өсуіне Ресейдің қатысы қанша? Бәрінен де халыққа салмақ салатын бұл салықтан бас тартудың басқа жолы бар ма?

Кезінде алды ма, енді қайтарсын. Банктер мемлекеттен 15 жылға алған қарызын қайтаруды бастауы қажет. Оларға тегіннен-тегін бере беретін сұраусыз ақша жоқ. Тоқаев осылай деп қаржы институттарына ескертіп жатып, Ұлттық банкке тапсырма берді. Кемі 6 банктің алғаны 700 млрд теңгеден асыпты.

1 ақпаннан бастап сұйытылған газдың бағасы өсті. Оның артынан еркін нарыққа жіберілген бензин де қымбаттамақ. Үкімет ары кетсе, 5-6 теңге қосылып, литріне 210 теңге болады деп тұр. Сатқалиевке қалай сенеміз?

«Дикий Арман» 20 жылға сотталды. Оның сыбайластары Қайрат Құдайберген мен Руслан Ысқақов та аз жыл алмады. Сотталғандар қаңтар қырғынының бенефициарлары Кәрім Мәсімовтан бөлек, Самат Әбіш пен Ерлан Тұрғынбаев деп ашық айтты.

"Сатира қылмыс па, жоқ па? Қазақстанда қамалған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр. Жалғыз пикетке шығып, ұсталғандардың саны 10 адамға жетті. Бұл не? Биліктің қорқуы ма?

Толығырақ Ulysmedia порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.