Зеленский неге өкінді? Жұманғаринің “крышасы” кім? Шаталовтың шатағы — Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia апталық дәстүрге сай соңғы жеті күннің басты оқиғалары мен жаңалықтары шолып шықты.

Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz аптаның айшықты оқиғаларын қорытындылайды.

Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Зеленский Трампқа кезінде Ақ үйде айтқан сөздері үшін өкінсе, Трамп соғысты тоқтатуға екі тараптан да келісім алғанын мәлімдеді. Бұл шындыққа қаншалықты жанасады? Макрон Киевтің шешіміне қарсы шығып, Франция Ресей агрессиясына қарсы ядролық қаруды қалқан ретінде қолдану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл қадам соғысты тоқтата ма, әлде одан әрі ушықтыра ма?

Егер Еуропа әскері Украинаға кірсе, Қазақстан да мүше саналатын ОДКБ не істейді? Ұйымның басшысы Иманғали Тасмағамбетов бұл сұраққа неге аяқасты жауап берді?

Қазақстандағы саяси және әлеуметтік толқулар

– “Маған орыс болғаным үшін сын айтылып жатыр” – бұл мәлімдеме жасаған мәжіліс депутаты Никита Шаталов желіні дүр сілкіндірді. Бірақ оның депутаттық мандатына ешқандай қауіп төнген жоқ. Неге?

– Қазақстандағы Ресей елшісі Астанадағы Масленица шарасында қандай мәлімдеме жасады? Оның сөзі елдің ашуына тиіп, наразылық туғызды.

– Серік Жұманғарин салық реформасы туралы заң жобасын мәжіліске әкеліп, салық төлеуден жалтарғандардың әлі де көп екенін айтты. Ал кезінде “жынымды келтірмеш” деп журналистерге шүйліккен Бектеновтың орынбасары тағы да БАҚ өкілдеріне қыр көрсетті. Оның кеңесшісі де журналистерден шенеунікті қорғауға тырысып, өзі дауға қалды. Биліктің халықпен арадағы қарым-қатынасы неге тәкаппарлыққа айналды?

Қазақтың қазба байлығы кімнің қолында?

“Қазақмыс” корпорациясы стратегиялық пайдалы қазбаларға жататын сегіз кен орнын сату бойынша келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Қазір корпорация Владимир Огай мен Эдуард Кимнің бақылауында. Бірақ дереккөздер оның Мәскеуде тұрып жатқан олигарх Қайрат Итемгеновке өтуі мүмкін екенін айтады. Дегенмен, “Қазақмыс” бұл ақпаратты ресми сайтында жоққа шығарды.

Журналистерге қысым және халық наразылығы

– Жеті жылға сотталған журналист Думан Мұхамедкәрім 60 күнге карцерге қамалды. Бұл қандай себеппен болды?

– Маңғыстаудағы жұмысшылар президент Тоқаевқа үндеу жасады: “Айлығымыз шайлығымызға жетпей жатыр!” Олар қандай талап қойды?

Толық талдауды YouTube арнамыздан көріңіздер! Бізбен бірге болыңыздар!