ЕуроОдақ соғыс, санкциялар және Қазақстанның бейтарап ұстанымы туралы шын мәнінде не ойлайды? Неліктен USAID жабылды және Еуропа Трампқа қатысты стратегилық жоспар құра ма? Қазақстанның геосаясаты несімен үлгі? Еуропа елдеріне виза алу қазақстандықтар үшін жеңілдей ме? Сұрақ көп, демек жауап та тұшымды болуы керек. Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич ULYSMEDIA арнасына үлкен сұқбат берді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР МЕН САНКЦИЯЛАР: КІМГЕ ҚАУІП ТӨНІП ТҰР?
ЕуроОдақтың санкциялық саясатына байланысты қазақстандық компанияларға белгілі бір тәуекелдер бар. Бейтарап ұстанымына қарамастан, Қазақстан санкцияларды айналып өтуге қатысты бақылау тізімінде тұр. Бұл мәселе бизнес қауымдастықты сақтық шараларын қабылдауға итермелеп отыр.
Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич ULYSMEDIA арнасына, журналист Самал Ибраеваға берген сұхбатында осы және өзге де сұрақтарға кеңірек жауап берді. Сұхбаттан төмендегі сұрақтарға жауап таба аласыздар.
• Қазақстандық компаниялар мен санкциялар: кімге қауіп төніп тұр?
• Неліктен Украинаны ЕО-ға қабылдамай отыр?
• Көрші елдің шабуылынан қалай қорғану керек?
• Шенген визасын алу жеңілдей ме?
• ЕО қорғаныс, ядролық қауіп және Трамп рөлі туралы не ойлайды?
• Қазақстанға инвестиция тартуға не кедергі?
Сұхбаттың толық нұсқасын ULYSMEDIA арнасынан көре аласыздар.