Бізге мұндай әкім керек емес - Түркістан облысынан арнайы репортаж

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлыстың “Ауылға жол” жобасы Түркістан облысы Ақалтын ауылына келді.

Осыдан бірнеше күн бұрын редакцияға хат келіп, ол жерде ауыл халқы қолдап отырған кадидатын сайлауға 2 күн қалғанда алып тастағаны жазылған. Мәселенің мән-жайын білейік деп ауыл халқымен тілдестік. 

Сержан Бисенов Ақалтын ауылының әкімі болып осымен екінші рет “сайланып” отыр. Оның бұрынғы былықтарын білетін халық: “Бізге бұндай әкімнің керегі жоқ”, - дейді. 

Ақалтын тұрғындары өздері қалаған әкімін сайлай алмай отыр. Тұрғындар жауапты органдардан мәселені жете тексеруін сұрайды. 

Репортаждың толық нұсқасын YouTube арнадан көріңіздер. 

Айтарыңыз бар болса, Ұлысмедиа редакциясына +7 705 729 9700 нөмірі арқылы хабарласуға болады.