Бункердегі премьер. Қазақстанның он үшінші ең жабық премьер-министрі Олжас Бектенов бір жарым жылда бірінші рет журналистер алдына шықты. Алда қымбатшылық пен қиын күндер келе жатыр деді шенеунік.
Халықтың жағдайы бұдан сайын қиындаса, Бектенов орнынан кете ме? Саясаттанушы Санжар Боқаев пен талай премьерлердің жұмысын көрген журналист Асылхан Мамаштан пікір алдық.
Әйелін ұрып соққан елші алты жылға сотталды. Ал Жетісу облысында ауыл әкіміне үміткер әйелін атқа байлап, сүйреп өлтірген.
Ақорданы жаулап алмақ болған. Алматыда АЭС-ке қарсы шыққан бес белсенді сотталып жатыр. Белсенділер қалай ақталуда? Не деп жатыр?
Еуропалық Одақ Ресейге қарсы 18-ші санкциялық пакетті бекітті. Сарапшылар бұл санкция құлдырап отырған Қазақстан экономикасынының жағдайын одан сайын нашарлататын болды деп жатыр. Саясаткер Мұхтар Тайжан өзінің болжамымен бөлісті.