Бүгінгі хабарымызда назар аударарлық мына мәселелерге тоқталамыз:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің бір реформасын бір-ақ күнде жоққа шығарды. «Жаңа Қазақстанның» екінші премьер-министрі Олжас Бектеновтің бастамалары халық наразылығын тудырып отыр.
- «Жолақы 500 теңге болсын» деп ақыл айтқан Олжас Байділдинов кім? Байдың балалары елді неге басынып алды? Бұл — қарызға батқан қарапайым халықты мазақ ету ме?
- Ал экс-шенеунік Қайрат Қожамжаров қалай Ресей азаматы болып шыға келді? Қаншама адамның тағдырын күл-талқан еткен бұл адам жауапқа тартыла ма?
- Қазақтар мен мұсылмандарға тіл тигізген қыздың соты басталды. Ол әділ жазасын ала ма?
- Депутат Ринат Зайытов қамаудағы журналист Думан Мұхамедкәрімге қатысты сауал жолдады.
- Әлемдік аренада да қозғалыс бар. Дональд Трамп пен Владимир Путин кездесуді жоспарлап отыр. Нейтралды орын ретінде Будапешт таңдалған. Соғысты тоқтатуға Ақ үй басшысы Кремльді көндіре ала ма?
- Ал украиналық «Хочу жить» жобасы Ресей әскерінің құрамында соғысып, қаза тапқан қазақстандықтардың жаңа тізімін жариялады. Онда 270 адамның есімі бар. Ең жасы — 19-да, ең үлкені — 64 жаста. Бөтеннің соғысында опат болған боздақтардың тағдыры — бәріміз үшін ауыр шындық.
Толық шолуды Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Жазылып, пікір қалдырып, қолдауларыңызды білдіріңіздер — бұл тәуелсіз журналистиканы қорғаудың ең қарапайым жолы.