Қазақстандықтар Ресей мен Украина арасындағы соғыста қаза тапқан. Билік неге үнсіз?

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Ulysmedia.kz Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысып, қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялағаннан кейін редакцияға ондаған қоңырау түсті. Хабарласқандардың арасында Ресейге табыс табу үшін кеткен, кейін майданға тартылған жас ер адамдардың туыстары бар.

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаевқа ашық хат жолдады.

Өз үндеуінде ол Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен елшілігінен ресми түсініктеме беруді, қазақстандық азаматтардың заңсыз түрде әскерге шақырылған фактілерін тексеруді және қаза тапқан не хабарсыз кеткендердің отбасыларының құқықтарын қорғауды талап етті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін «Хочу жить» жобасы Украинаға қарсы Ресей жағында соғысып, қаза болған немесе із-түссіз жоғалған 270 Қазақстан азаматының тізімін жариялаған. Ulysmedia тізімде қаза тапты деп көрсетілген адамдардың туыстарымен тілдесіп көрген еді.