Украина Қазақстан құбырын атты. Идеологиядағы өзгерістер. Әкімдер неге әлсіз – Ұлыс апта

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы аптаның басты оқиғаларын шолып шықты. Бас редактор Самал Ибраева маңызды тақырыпты көтере отырып, тәуелсіз сарапшылардың пікірі мен көзқарасын ұсынады.

КТК құбырының істен шығуы ел экономикасына қалай әсер етеді? Оған жасалған соққы Украинаның қателігі ме әлде 30 жыл бойы басқа құбыр салмаған Қазақстан билігінің қателігі ме?

Ақорда үшін идеология басты назарда. Олжас Бектеновтің орынбасары болып Аида Балаева тағайындалды. Мұның астарында не бар? Саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлымен сұқбаттастық. 

Журналист Гүлнәр Бәжкеноваға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Үй қамаққа алынған журналистке қарсы Марғұлан Боранбай мәлімдеме жасады.

Депутат Еділ Жанбыршин ЛГБТ белсенділерімен алысып жатыр. Маңғыстау өңірінде басқа проблема қалмаған ба дейсің. 

Астанада әкімдер брифингісі басталды. Сонау аймақтардан сүйретіліп келген облыс әкімдері неге журналистердің сұрағынан қашады? 

Украина билігіндегі жемқорлық даулары соғысты одан сайын созып жатыр ма? Енді Украинаны кім құтқарады? Трамп Путинді неге көндіре алмай отыр?

Шолудың толық видео нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.