Қожамжаров пен Дүйсенов Қазақстанда жазалануы мүмкін бе

Самал Ибраева
Ulysmedia.kz

Елдің көзі ашық. Соқыр деп ойлайтындар оңбай қателеседі. Халық несібесін жегендердің көбі сүттен ақ, судан таза болып жүр. Түк болмағандай, қан төгілмегендей жайбарақат өмірін жалғастырып жатыр. Ал сыйыспағандары өз елін жатқа жамандап, шетелден пана сұрап, азаматтық ауыстырып, «Отан сату өнерімен» айналысып жүр. Бұл Ulysmedia.kz арнайы репортажы. 

Бұл жолы біз Германия асып саяси пана сұраған Мақсат Дүйсенов туралы, Мәскеуге қашып тығылған Қайрат Қожамжаров туралы айтамыз. Дүйсеновті қамап отырған Нюрнберг түрмесіне арнайы бардық. Сарапшылармен кездестік. Түрлі тараптың пікірі кеңінен берілген арнайы репортажды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қанша жазықсызды қан қақсатқан адамдарды қалай «саяси босқын» қылып шетелде қалдыра саламыз?

Билік күдіктілерді қайтаруға құлықты ма? Саяси ерік-жігері жете ме? Әлде «өзіміздің артымыз ашылып қалар» деп отырғандар бүгінгі билікте де көп пе? Осы сұрақтар маза бермейді.

Бұл шығарылымда «Транспэренси интернейншл Германия» ұйымының мүшесі, сыбайлас жемқорлық қарсы қозғалыс сарапшысы Әсел Теміровамен сұхбаттастық, қазақ оппозициясының шетелдегі бюросының жетекшісі Серік Медетпековты сөзге тарттық, Мәжіліс депуттарының пікірін білдік. 

Сонымен қатар Қожамжаров бастаған «командадан» зардап шеккендер бұған дейін де бізге сұхбат берген. Олар: «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басшысының орынбасары болған Мұрат Омаров, Қорғаныс министрінің генералы, кадр қызметін басқарған Қайрат Көпбаев, белгілі дәрігер, медицина саласының үздігі Наурызбай Рақышев, журналист Әсет Матаев.

Әрине, бұл ашық сұхбатқа келіскен адамдар ғана. Одан басқа қанша азамат жазықсыз жаза құшқанын, адам тағдырымен қалай ойнағандарын кім білсін?!

Жақынырақ отырыңыз. Көріңіз, пікір жазыңыз!