Түркі әлемі қашан толық бірігеді – Түркия елшісімен сұхбат

Ulysmedia

Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс тек «бауырлас елдер» деңгейіндегі символикалық қатынаспен шектелмейді. Анкара мен Астана бүгінде қауіпсіздік, логистика, қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, цифрландыру және Транскаспий дәлізі секілді стратегиялық бағыттарда жаңа кезеңге қадам басып отыр.

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу Ulysmedia-ға берген сұхбатында түрік басшысының Астанаға сапары аясында жасалатын маңызды келісімдер жайлы айтты.

Сондай-ақ, дипломат Түркі мемлекеттері ұйымының 2040 жылға дейінгі интеграциялық жоспарына, Каспий дәлізінің болашағына тоқталды.

Елші қорғаныс саласындағы ортақ жобалар және екі елдің жаһандық дағдарыстарға қатысты ортақ ұстанымы жайлы да сөз қозғады.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia You-Tube арнасынан көруге болады.