Германия Қазақстан үшін Еуропадағы ең маңызды стратегиялық серіктестердің бірі. Ал Қазақстан Германия үшін қаншалықты маңызды? Украинадағы соғыс, Ресейге қарсы санкциялар, «Дружба» мұнай құбыры, энергетикалық қауіпсіздік, Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес, БҰҰ реформасы және Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі — осы сұрақтардың барлығын Ulysmedia студиясында Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен ханыммен талқыладық.
Сұхбатта елші Қазақстанды Германияның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі деп атап, екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстың соңғы жылдары күшейгенін айтты. Германия үшін Қазақстан — тек мұнай жеткізуші ел емес, сонымен бірге аймақтағы тұрақтылық, бизнес, сирек жер металдары, білім, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы маңызды әріптес.
Біз Ресейдің Қазақстан мұнайын «Дружба» құбыры арқылы Германияға жеткізуіне кедергі келтіруі, Еуропаның Ресей энергиясынан толық бас тарта алмауы, санкцияларды айналып өту қаупі және Қазақстанның бұл мәселедегі ұстанымы туралы сұрадық.
Сонымен қатар, Германияда қаза болған қазақстандық Айгүл Сайлыбаева мен саяси босқын статусын алған Мақсат Дүйсенов туралы да сұрадық.
Германияда ақысыз білім алу үшін жастарға қандай бағдарламалар бар, виза алу жеңілдете ме деген өзекті сұрақтарды да талқыладық.
Талқыланған тақырыптар:
- Қазақстандықтарға Шенген визасын алу неге қиын?
- Германия неге көп құжат талап етеді?
- Мақсат Дүйсенов неге экстрадицияланбады?
- Германия сот жүйесі Қазақстан істеріне қалай қарайды?
- Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу туралы не белгілі?
- Германияда оқу мүмкіндіктері қандай?
- Неміс тілін білсе, Германияда тегін оқуға бола ма?
- Германия неге атом энергетикасынан бас тартты?
- Қазақстанның АЭС салу жоспарына Германия қалай қарайды?
- БҰҰ реформасы және Тоқаевтың мәлімдемелері Германияда қалай қабылданады?
- Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы болуы мүмкін бе?
- Германия Қазақстандағы сөз бостандығы мен адам құқықтарын қалай бағалайды?
- Қазақстан жасанды интеллект саласында Германиядан озып кетті ме?
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресте Германия мен Қазақстан не үйрене алады?
Шығарылымның толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріңіздер.