Халықтың билікке деген сенімі әділ сайлау жүйесінен басталады. Сонымен, Құрылтай сайлауы алдында барлық партиялар саяси додаға түсетін кандидаттар тізімін жариялады. Партия съездерінде түрлі жаңа есімдерді естіп, ел назарын аударар әртүрлі әдістерді байқап жатырмыз. Саяси науқанға кәсіби баға беру үшін Ulysmedia-ның ашық алаңына саясаттанушылар мен заңгерлерді, тәуелсіз сарапшыларды шақырып, талқылаулар өткіземіз.
Бүгін саясаттанушылар Асхат Асылбеков және Қазбек Майгелдиновпен соңғы реформалар, өзгерістер жайлы сөйлестік. Спикерлерлің кезінде партия төрағасының орынбасары болса, енді бірі Парламенттің VIII шақырылымында бір мандаттық округтен депутаттыққа сайлауға түскен.
Оппозицияның рөлі қандай? Неге партиялар сайлау кезінде ғана белсенді болады? «Арзан саяси технология» жастарды саяси өмірге қызықтыра ала ма? Ықпалды Парламентті құруға не жетіспейді? Үшінші президент кім болуы мүмкін? Бізге қандай Үкімет керек? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап іздеп, бүкпесіз әңгіме өрбіттік.
Подкасттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көруге болады