«Күйеуімді әрең таныдым». Апат болған түн туралы өртсөндірушінің жесірі. Тараздағы жарылыс

Ulysmedia

27-тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде алапат жарылыс болып, 16 адам қаза тапты.

Коллаж:ulysmedia.kz

Жамбыл облысындағы жарылыс екі апта бұрын болды. Алайда осы күнге дейін жарылыс себебі ресми жарияланбады. Бұл фильмде біз жарылыстан қаза тапқан өрт сөндіруші-құтқарушылардың туған-туыстары, әйелдерімен тілдестік. Олардың арыз-шағымдарын тыңдадық. Әскери қоймада не болғанын, ондағы заттардың қандай жағдайда жарылыс тудыруы мүмкін екенін сарапшылардан сұрадық. Осы теорияларға сүйене отырып, эксперттер апат себебін сараптап көрді.