Ұлттан ұрланған байлық қайта ма немесе Қажыгелдин Назарбаевқа қандай ақыл айтады

Ulysmedia

Бұл жолы әңгімеге Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинді тарттық. Қаңтардан кейінгі нағыз кінәлі азаматтардың жазаға тартылмауы, Үкіметтің шарасыздығы мен Бас прокуратураның қауқарсыздығы, активтерді қайтару, Назарбаевтардың шексіз баю жоспары туралы сөйлестік.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Бастығым не десе, соған бас шұлғып, басқалар үшін жауап бермей-ақ қояйын...» Әкежан Қажыгелдин осындай ұстаныммен өмір сүрмей, қазір ел үшін еңбек етер кез келді деп есептейді.

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында бұрынғы премьер-министр алыста отырса да, елден көп жаңалықты бұрын білетінін дәлелдеп, ескі және жаңа Қазақстан неге «итжығыс түсіп жатқанын» түсіндіруге тырысты. Тоқаевтың пәрмені мен Назарбаевтың рөлі жайлы ойын ортаға салды.