Батыр бала: Сегізінші сынып оқушысы автобусты тоқтатып, апаттан аман алып қалды

Ғалиасқар Думан

Алматы облысы Қарасу ауылында  сегізінші сынып оқушысы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған кезде автобусты тоқтатып, апаттың алдын алған деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  әлеуметтік желідегі gres_info парақшасына сілтеме жасап.

,

Коллаж Ulysmedia

22 қараша күні № 219 автобус жүргізушісінің аяқасты жүрек талмасы ұстап, рөлге ие бола алмай, есінен танып қалған. Суреттегі Ақжол есімді бала автобустың  ішіне жүгіріп кіріп, тежегішті басып, тоқтатып үлгерген.

– Жасөспірім олай ерлік жасамағанда, бағытынан ауытқыған автобус үйлерге басып кіретін еді. Округ әкімі мына баланы тауып алып марапаттау керек. Баланың есімі Ақжол және ол №24 лицейде оқиды, – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқушының ерлігіне тамсанып, жарыса жазып жатыр. Олардың бірі – “Ата-анасына осындай ұл тәрбиелегені үшін алғыс айтамыз. Оның ісі жас ұрпаққа үлгі боларлықтай” десе, енді бірі –  “Атына заты сай деген осы. Мұндай ерлікке барған ұлды марапаттау керек”, “Жарайсың, Ақжол! Қаншама аналардың баласын аман алып қалдың. Жасың ұзақ болсын!” деп ізгі тілектерін де арнап жатыр.