Балқашта жоғалып кеткен қыз баланың денесі табылды

Айнель Аянова

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталатыны хабарланбақ, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

15 жастағы қыз баланың жоғалып кеткенін мәлімдеген ер адам полицияға жүгінген. Оның айтуынша, жасөспірім үйден би сабағына шыққан, бірақ кешке оралмаған.

ІІМ іздеу барысында такси мен көліктің тұрақ орындары, оның болуы мүмкін өзге де орындар, бейнебақылау камералары, қала сыртындағы трассалар пысықталғанын хабарлады.

Ақыры, іздеу жұмыстары Балқаш көліне алып келген.

– Көл жағасында жоғалған адамдарға тиесілі заттар табылды. Осы кезден бастап іздеушілердің күш-жігері көлдің су аймағына бағытталды. Сағат 13:36-да 2,5-3 метр тереңдікте жағадан 40-50 метр қашықтықта қыздың мәйіті табылды, - деп хабарлады ІІМ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, суицид болған. Оқиғаның мән-жайы белгіленеді.