Атырауда жұмысшылар ереуілге шықты

Ulysmedia

Атырау облысының Мақат ауданында Қашаған кен орнында ілеспе мұнай газын өңдейтін зауыт құрылысымен айналысатын BBJ Group компаниясының 50-ге жуық жұмысшысы ереуілге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2gis.kz

Жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткенімен, директордың орынбасары жұмысшылардың талабын орындаудан бас тартып, жұмысты тоқтатты. Мақат ауданы әкімдігінің өкілдері жұмысшылармен әңгіме-дүкен құрып болған соң, барлық жұмысшылар өз міндеттеріне кірісті.

«Ереуілді тоқтату, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін оқиға орнына аудан әкімдігінің, аудандық прокуратура қызметкерлері және «Қазақ құрылыс тобы» жобалық басқару тобының жетекшісі келді. Келіссөздер барысында тараптар Мақат ауданының әкімдігі BBJ GROUP компаниясының басшылығы мен қызметкерлері үшін келіссөздер  ұйымдастыратыны туралы өзара шешімге келді» деп хабарлады Мақат ауданының әкімдігі. 

Газ өңдеу зауыты Атырау қаласынан 60 шақырым жерде «Болашақ» кешенді мұнай өңдеу зауытының жанынан салынып жатыр. Компанияның хабарлауынша, зауыт құрылысы кезінде олар 2,5 мыңға дейін уақытша жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 600-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. Жергілікті тұрғындар мен белсенділер алдымен Мақат пен Доссор тұрғындарын жұмысқа алуды талап етуде.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысындағы WestOilSoftware мұнай сервисі компаниясының жұмысшылары президентке үндеу жолдаған болатын.