Абай облысында автобус аударылып қалды

Оралхан Қожанов

Абай облысында 17 жолаушы мінген автобус аударылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.

бейнежазбадағы кадр

Жол апаты Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Автобус жүргізушісі қатты желдің салдарынан рөлге ие бола алмай, кюветке ұшып кетіп, көлік аударылып кетті. Автобуста 17 жолаушы болған.

Жол апаты кезінде 2 адам зардап шекті. Екеуі де дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Оқиға орнына барған мамандар автобусты кюветтен шығарып алды.

“Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады”,- деді полицейлер.

Былтыр жыл соңында Ақтөбеде 32 адам отырған автобус аударылып қалған еді.