Түркістанда үшем дүниеге келді

Ulysmedia

Түркістан облысының № 2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы Гүлмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды.

«Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 гр болған», – делінген хабарламада.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Үшем перзентханадан шығуға әзір.

Үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасындағы әйел. Отағасы – жеке кәсіпкер.