Қардың қалың түсуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында малға жем-шөп жетпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдай
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Марқакөл ауылы жағында 2024 жылдың 7 қаңтарынан бастап қар қалың жауып, боран соққан. Кей жерде қардың қалыңдығы 1.8-2 метрге жеткен. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендеріне көлік жете алмай қалған.
Қардың түсу нормаларының асып кетіп, елдімекендерге көлік қатынасының болмауын ескере отырып, Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялаған. Ауданға қажетті көмек көрсету үшін облыстық төтенше жағлайлар департаментінің жол талағамайтын техникасы барған. Азық-түлікті облыс билігі тіпті тікұшақпен жеткізіп жатыр.
«ТЖ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге 16 қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жұмылдырды» деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Жем-шөп жетпейді
14 қарашада шекарашылар Күршім ауданында аудан орталығына бара жатқан көліктен әйел мен баланы құтқарған. Олар жолда бір тәулік түнеген.
Әлеуметтік желілерде үйір жылқыны үйіне жеткізе алмай қиналған тұрғындардың видеосы тарады. Азаматтар малдың жүретін жолын күрекпен аршып жүр. Жылқы қалың қарда қозғала алмай қалған. Ауыл тұрғындарының бірі жем-шөп жағынан көмек қажеттігін айтады. Азаттықта жергілікті тұрғындардың бірінің “жем-шөбіміз жетпейді” деген сөзі тарады. Мал шығыны әлі белгісіз.