Шымкенттегі Қошқар ата мешітінің аумағындағы жапсарлас салынған үй-жайдың бұзылып жатқаны түсірілген видеоға алаңдаған қала тұрғындары шу шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Тина Канделакидің Қазақстанда бизнесі бар болып шықты
Тұрғындардың айтуынша, бұл ерекше құнды кесене саналады. Ол XIX ғасырдың ортасында салынған. Мешітті салуға Ферғананың ең таңдаулы шеберлері шақырылған екен.
Otyrar.kz сайтының жазуынша, қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы бұл жағдайға түсініктеме беріп, кесененің бұзылып жатпағанын айтқан.
«Тек жапсарлас салынған үй-жай бұзылады. Мешіт сүруге жатпайды. Оның аумағындағы шатыры бар құрылысты бұзу жұмыстары басшылықтың берген өтінішіне сәйкес жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді басқармадан.