Семей сауда үйіндегі өрт 4 мың шаршы метрге жайылды

Ulysmedia

Өрттің себебі әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

бейнежазбадағы кадр

Абай облысының ТЖД мамандары қызыл жалын ғимараттың екінші қабатына және шатырға жайылып, түрлі тауарлар сақталған пластикалық бутиктердің жанғанын хабарлады. Ғимаратта қою түтін әлі сақтаулы.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің ауданы 4000 шаршы метрден асады. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істейді, –  делінген хабарламада.

Қазірдің өзінде өрт сөндіруге 340-тан астам адам жұмылдырылған. Өрт сөндіру пойызы да тартылғанын атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Семейде түнгі үштен бері үлкен сауда орталығы өртеніп жатқанын жазған едік.