«Баланы бақыртып тепкілеген»: Түркістан облысында ер адам қамауға алынды

Аян Өрібай

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баласын тепкілеген ер адам қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

– Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мәнжайлар анықталып жатыр, – делінген департамент хабарламасында.

Іст Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауына алынған. Департамент жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұрайды.

Оқиға қалай болды

Еске сала кетейік, болған оқиғаның видеосын «Не молчи» қоры әлеуметтік желі арқылы таратқан еді.

«Жазылушыдан шұғыл хабарлама келіп түсті. Видеода ер адам 4-5 жастағы баланы тепкілеп жатыр. Жанында дәл сол жастағы қыз бала жылап еңіреп отыр. Екеуі де бақырып жылайды. Үй лас. Балалар азып-тозып кеткен. Бұған қараудың өзі мүмкін емес», – делінген хабарламада.

Не молчи қорынан Дина Таңсәрі бұл мәселеге балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваға, Жетісу және Түркістан облыстарының полиция департаменттеріне назар аударуды өтінеді. 

«Біз оқиғаның қайда болғанын білмей отырмыз. Өзбек тілінде айтып жатқанымен біздің елдің оңтүстігінде болғаны туралы ақпарат бар. Бізге осы әйелді жіберген әйелі ер адамның сөз мәнері Қарабұлақ ауылының тұрғындарының тіліне ұқсайтынын айтады», - дейді Не молчи қоры.

Жаңа заң

Еске сала кетейік, кеше Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер талқыланған еді. Заң жобасын мәжілісте депутаттар әзірлеген.