СҚО-да коронавирус жұқтырған үш әйелдің нәрестесі шетінеп кетті

Ulysmedia

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Көсемісов коронавирус инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдер туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

7152.kz-ның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырудың 656 жағдайы тіркелді. 10 солтүстікқазақстандық әйел бақылауда: 3 стационарлық, 7 амбулаторлық жағдайда.

Күсемісов 200-ге жуық әйел мерзімінен бұрын босануға мәжбүр болғанын айтты.

«Өкінішке қарай, туғаннан кейін бірден көз жұмған жағдай болды. Әйелді құтқару мүмкін болмады. Сондай-ақ, мезгілінен бұрын босанған үш бала жетілмегендіктен шетінеп кетті. Кейбір сәбилер мерзімінен бұрын дүниеге келгенімен, оларға дұрыс күтім жасаудың арқасында аман қалды, – дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.