Солтүстік Қазақстанда малшыны бұқа сүзіп өлтірді

Ulysmedia

Оқиғаның мән-жайын Ulysmedia.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық полициясынан сұрап білді.

Ulysmedia коллажы

40 ЖАСТАҒЫ ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМҒАН

Полицияның хабарлауынща, 2025 жылы 2 қаңтар күні Тайынша ауданындағы ірі қара малды өсірумен айналысатын жауапкершілігі шаруа қожалықтардың бірінің аумағында оқыс оқиға болған. Мал базасын аралап жүрген 40 жастағы жұмысшыға бұқа тап берген.

– Ер адам Тайынша қаласындағы ауданаралық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, алайда тілге келмей қайтыс болды, – деп хабарлады полиция департаменті

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Аталған факті бойынша полиция бөлімімен қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Ділназ Бишер