Семейде аюлар ұйықтай алмай жүр

Ulysmedia

Семейдегі балалар биологиялық орталығында аюлар ұйықтай алмай жүр. Зоологтар бұған қыстың тым жылы болуы себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы  ШЫҒЫС NEWS  арнасында жарияланды.

«Өңірде әлі ұзаққа созылған аяз болған жоқ және қар жауған жоқ. Бұл аюларды ұйқысыздыққа ұшыратты. Қызметкерлер қонжықтар – Зита мен Боряны күнделікті тамақтандырады. Олардың рационында ботқа, ет және көкөніс бар», - деп жазылған арна.

Биологтар Зитаның жыл сайын дерлік қарашаның соңында қысқы ұйқыға кетіп, ақпанның басында оянатынын атап өтті. Биылғы қыста олар әлі ұйықтай ала ма, әлде ұйықтай алмай ма – белгісіз.