Дәрігерлер Хромтау тасжолындағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Дәрігерлер Хромтау тасжолындағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

23 қазан күні 12 адамның өмірін қиған жол апатынан кейін алты адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың бесеуі – ересек, біреуі – 16 жастағы жасөспірім, деп жазады Diapazon.kz.

Бүгін үш «тұрақты» жағдайдағы науқасты, соның ішінде кәмелетке толмаған баланы, облыс орталығына – Ақтөбеге тікұшақпен көшіру туралы шешім қабылданды.

– Бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігімен және Ұлттық шұғыл медициналық көмек орталығымен келісілді. Науқастардың жағдайы әртүрлі: ауыр хәлде жатқандары бар, орташа ауырлықтағысы да бар. Барлық қажетті ем шаралары көрсетіліп жатыр. Астанадан келген мамандармен тұрақты консилиум өткізіледі. Егер зардап шеккендерді Астанаға көшіру қажет болса, ол да ұйымдастырылады. Жалпы, апат орнынан алты адам жеткізілді, олардың бесеуі таңертең жансақтау бөлімінде болды, біреуі травматология бөліміне ауыстырылды, – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев.

ЖОЛ АПАТЫ

Еске салайық, 23 қазанда Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты. Оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында болған.