Шығыс Қазақстанда газ тарифі қымбаттауы мүмкін

Сырым Қаржас
yk-news.kz

Өскемен тұрғындарына 20 ақпаннан бастап газ тарифі көтерілуі мүмкін екені туралы хабарламалар тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хабарламада 20 ақпаннан бастап газ таратушы қондырғыларға отын құю тоқтатылатыны, ал қолда бар газ толық таусылғаннан кейін жеткізу де, төлем есептеу де жүргізілмейтіні айтылған. Бұл ақпарат Өскеменде үлкен алаңдаушылық тудырды. Газ әлі бар үйлердің тұрғындары ескі электр сымдарына салмақ түседі деп қауіптеніп, электр плиталарына көшкеннен гөрі газды пайдалануды жөн көріп отыр. Осыған байланысты мәселе қалалық қоғамдық кеңестің талқылауына шығарылған.

СЕБЕПТЕРІ

Қоғамдық кеңесте газ таратушы қондырғыларға газ жеткізудің ықтимал тоқтауына негізгі себеп ретінде төмен тариф пен жабдықтардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы аталды. Осыған орай, жаңа тарифті қарастыруды сұрап, әкімдікке өтініш жолдау дайындалып жатыр.

– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне мәселені жан-жақты зерделеу, жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды есептеу, сондай-ақ үйлерді электр плиталарына көшіруді қоса алғанда, баламалы нұсқаларды пысықтау тапсырылды. Сонымен бірге бір үйді электр плиталарымен жабдықтауға қанша қаражат қажет екені, кабель желілерін ауыстыру көлемі, бір пәтерге шаққандағы жүктеме, зардап шегетін пәтерлер саны және жабдық құны анықталуы тиіс, – деп хабарлайды қалалық қоғамдық кеңестің мәлімдемесіне сілтеме жасап yk-news.kz.

Қалада барлығы 81 газгольдер бар, олардың барлығы күрделі жөндеуді қажет етеді.