Алматы қорығы аумағында Қызыл кітаптағы бәйшешектер гүлдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алатау бәйшешегі (Grogus alatavicus) – күн жылынып, шуақты көктемнің келгенін алғаш болып хабарлайтын, ауа райын талғамайтын гүл. Ол қорық аумағындағы ірі қиыршық тасты жерлерде, тау етегінен орман белдеуінің жоғарғы шекарасына дейінгі бұталы алқаптарда өседі.
ЖАЗА
Ескеретін жайт – Алатау бәйшешегі күннен-күнге сиреп бара жатыр. Сондықтан 2006 жылдан бері Қызыл кітапқа енгізілген. Заңсыз жұлынған әрбір бәйшешек үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.