Атырауда екі трансвестит ВИЧ-ті әдейі жұқтырумен айналысқан

Сырым Қаржас
Видео кадры

Атырауда полиция қызметкерлері АИТВ-инфекциясын әдейі таратты деген күдікпен 23 және 28 жастағы екі транс-персонаны ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атырау облысының полиция департаменті мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың желтоқсан айынан бері арнайы медициналық есепте тұрған және өздерінде АИТВ бар екенін білген. Соған қарамастан, олар ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

ҚАМАУ

Жедел іс-шараларды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бұл дерек бойынша АИТВ-инфекциясы бар екенін біле тұра, басқа адамға әдейі жұқтырды деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ықтимал жәбірленушілердің саны анықталуда.