Шымкентте көлікте отырып отшашу атқан тұрғын қамалды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Шымкентте көлікте отырып отшашу атқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға түнгі уақытта Қонаев даңғылында болған. Lexus GS автокөлігінің жолаушысы қозғалыс кезінде көлік терезесінен шығып, отшашу атқан. Оның бұл әрекеті жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, сондай-ақ түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Құқық бұзушы полиция қызметкерлерімен анықталып, ұсталды.

Жігіт өз әрекетін досын туған күнімен осылайша құттықтағысы келгенімен ақтамақ болған.

ЖАЗА

Оған қатысты ұсақ бұзақылық, пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген орында қолдану, тыныштықты бұзу және жол қозғалысы қағидаларын сақтамау жайттары бойынша хаттамалар толтырылды. Құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.