Атырау облысында қарасора өсірілген аса ірі көлемдегі плантация анықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
19 қыркүйек күні Атырау облысы полиция департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп, «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекаралас аумағында орналасқан орман алқабында қарасораға ұқсас өсімдіктерді анықтады.
Сараптамаға сәйкес, бұның заңсыз егілген қарасора өсімдігінің 507 бұтасы жиналған плантация екені анықталып, мамандар есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай көзін жойды, дейді polisia.kz.
«Қазір аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 300-бабы, 2-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) дерегімен тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.