Сырдария арнасынан асты: тасқын су күрежолды шайып кетуі мүмкін

Ғалиасқар Думан

Қызылорда облысында «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Облысы әкімдігінің мәліметінше, Сырдария өзені арнасынан асып, Қармақшы ауданы Қызылтам елді мекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолын су басу қаупі туындады.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы (Жосалыдан 43, Жалағаштан бері 31 шақырым жердегі Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Бүгінде жағдай бақылауға алынған, - деп жазылған хабарламада.

Әкімдік бұл жағдай жол қатынасына кедергі келтірмейтінін атап өтті.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК гидрологиялық болжамына сәйкес наурыз айында еліміздің он өңірін су басу қаупі жоғары.