Қазақстанда табысы ең төмен өңірлер белгілі болды

Қалижан Бектемір

Еліміздің оңтүстігіндегі бес облыс тұрғындарының табысы ең төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Finprom.kz сайтының жазуынша, 2023 жылғы үшінші тоқсанда қазақстандықтардың табысы 298,2 мың теңгені құрады, бұл жан басына шаққанда 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21,5% артық.

2023 жылғы екінші тоқсанмен салыстырғанда тұрғындардың табысы 5,1%-ға өскен.

Салыстыру үшін: бір жыл бұрын тұрғындардың табысы жылына 16,5%, тоқсанына 3,1% құраған.

Сонымен бірге 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы инфляция деңгейі жылдық мәнде 12,9% және алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ды құрады.

Ел бойынша орташадан жоғары кірістер Қазақстанның 20 өңірінің 9-ында тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Астанада: жан басына шаққанда орташа есеппен 430,3 мың теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 27% артық.

Екінші орынды Алматы иеленді, онда халықтың табысы бір жылда бірден 34,1% өсіп, 392,1 мың теңгені құрады. Қарағанды облысы алғашқы үштікті қорытындылады: бір адамға 379,7 мың теңге, бір жылдағы өсім – 14,2%. Үздік бестікке Шығыс Қазақстан (361,4 мың теңге) және Ұлытау (353,3 мың теңге) облыстары кірді.

Халықтың ең аз табысы Түркістан облысында атап өтілді: жан басына шаққанда 212,5 мың теңге, алайда 2022 жылдың үшінші тоқсанына қарағанда 35,8% артық. Одан кейін Жамбыл облысы (213,7 мың тг), Шымкент (221,8 мың тг), Қызылорда (226,3 мың тг) және Жетісу (227,9 мың тг) облыстары тұр.