Қазақстандағы кинотеатрлардың жартысына жуығы табысын ашық көрсетпейді

Аян Өрібай

108 кинотеатрдың 68-і ғана билет сатудан түскен табысын ашық көрсеткен. Бұл санды үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 

Ulysmedia.kz коллажы

ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАЙЛЫ

Балаева қазір «е-Кино» жүйесі сынақ режимінде жұмыс басталғанын хабарлайды. Жүйеге 103 кинотеатрдың 68-і қосылған. 30,4 млн теңге кассалық түсім есепке алынды. 20 310 билет тіркелген. Оның айтуынша, «е-Кино» – креативті салаларды цифрландырудың алғашқы қадамы.

Жүйе киноиндустриядағы ашықтықты арттыру, елімізде кассалық түсімдерді әділ бөлу міндеттерін атқарады. «е-Кино» жүйесіне деректер кинотеатрлардың билет сату жүйесінен нақты уақыт режимінде түседі. Жүйе жекелеген сеанс пен фильм көрсетіліп жатқан өңір бойынша көрермендер саны мен кассалық түсімдерді бақылауға, билеттерді жүктеу үрдісін мониторингтеуге, кино көрсетілімдері мен түсімдерін жанр, тіл және өндіріс елі бойынша талдауға мүмкіндік береді, - деді Аида Балаева.

ОТАНДЫҚ ФИЛЬМДЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ

«Top Pro Cinema» орталығының басшысы Александр Аксютиц үкімет отырысында отандық кино өнерінің жетістіктері жөнінде айтқан еді. Аксютицтің сөзінше, отандық фильмдер саны 2023 жылы 65-тен 2024 жылы 107-ге дейін көбейген. Олардың жалпы табысы 22 млрд теңге. Кинотеатрларда ең көп ақша тапқан үздік 20 кинотуындының 70 пайызы отандық фильмдер.

Осының арқасында салаға инвесторлар келіп жатыр. Конкурстарға ашықтық бұған мұрындық болды, – дейді ол.

Аксютицтің сөзінше, жылына Қазақстанда жүздеген жаңа сериал түсіріледі. Қазақстанның туындылары қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады. Отандық сериалдар әлеуметтік желілерде миллиондап қаралым жинайды. “Хабар” агенттігінің 30-ға тарта сериалын сатқан.