Әлем елдеріндегі ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер салыстырылып, сарапшылар Қазақстандағы жағдайды талдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
LS порталының мәліметінше, ең төменгі тұрақты мөлшерлеме Жапонияда тіркелген – жылдық 1,8% (20 жыл мерзімге). Швейцарияда бұл көрсеткіш – 2,4%, Германияда – 3,9%, Қытайда – 4,06%, Оңтүстік Кореяда – 4,3%, ал Малайзияда – 4,11%.
Ал ең қымбат ипотекалық несие ұсынылатын елдер қатарында:
Қазақстан – 18,03%,
Қырғызстан – 20,1%,
Өзбекстан – 22,02%.
Бірақ жылжымайтын мүлікке арналған несиелер бойынша әлемдегі ең жоғары мөлшерлеме Түркияда тіркелген – 42,3%.
ПӘТЕР ЖАЛДАУ БАҒАСЫ
Қазақстанда бір бөлмелі пәтерді жалға алу (қаланың орталығында) орта есеппен айына 232,6 мың теңге тұрады. Салыстырмалы түрде:
Малайзияда – 200,6 мың теңге,
Қытайда – 221,5 мың теңге,
Моңғолияда – 235,7 мың теңге,
Қырғызстанда – 242,7 мың теңге.
Қазақстаннан қымбат елдер:
Ресей – 307,4 мың теңге,
Түркия – 328,3 мың теңге,
Оңтүстік Корея – 329,9 мың теңге.
Ал Германияда – 516,4 мың, АҚШ-та – 887,6 мың, ал Швейцарияда – 1 миллион теңгеге дейін жетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда азаматтардың ипотекадан жиі бас тартып жатқаны хабарланған болатын.