Қазақстанда психиатриялық ауруханаларға жүгіну 19% артты

Ulysmedia

2021 жылғы қаңтар-маусымда  психиатриялық ауруханалар 19,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5%  көп, деп хабарлайды energyprom.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қызметтердің 96,8% бюджет есебінен төленген. Ол - 19,3 млрд тг. 585,5 млн теңге халық есебінен және 53,7 млн теңге кәсіпорындар есебінен қамтамасыз етілді.

Салыстыру үшін: 2020 жылы осы аралықта психиатриялық ауруханалардың қызметтері 16,8 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,2% көп болған.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең үлкен көлемі Алматыда көрсетілді: 3,2 млрд тг, оған қоса жылына 38,3%. Одан әрі Шығыс Қазақстан (2,2 млрд тг, жылына 3% қосу) және Қарағанды (1,9 млрд тг, 62,6% қосу) облыстары.

Қызмет көрсету көлемінің ең үлкен жылдық өсімі Жамбыл облысында тіркелді (86,3%, 744 млн теңгеге дейін), ең азы Шымкент қаласында (жылына 8%  1,3 млрд теңгеге дейін).

Неге екені белгісіз Нұр-сұлтан қаласы және халық тығыз орналасқан Түркістан облысы бойынша секторда соңғы екі жылда көрсетілетін қызметтер бойынша көрсеткіштер жария болмаған. Түркістан қаласында психиатриялық аурухана бар екені белгілі.

Жыл басынан бері 300 мыңға жуық қазақстандық психиатрларға жүгінген. Психикалық ауытқулары бар адамдарға 16 күндізгі стационар көмек көрсетті. Биыл күндізгі стационардың үш бөлімшесі құрылды, Қарағанды облысында және Шымкентте балаларға арналған медициналық-әлеуметтік оңалтудың екі бөлімшесі ашылды.