Журналист Думан Мұхамедкәрім ісі: тергеу тағы бір айға созылды

Ғалиасқар Думан

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша тергеу тағы бір айға созылды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

 

Коллаж Ulysmedia.kz

11 қарашада журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов Мұхамедкәрімге қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған еді. Бірақ бүгін тергеу тағы бір айға созылғаны белгілі болды.

"Кеше тергеуші маған тағы бір  жағдай анықталғанын жазды. Ол мән-жайды толық айтпай, тек тергеу созылатындығын хабарлады. Яғни тергеу тағы бір айға қайтадан созылады", - деді Нұрпейісов Ulysmedia.kz. тілшісіне.

Думан Мұхаммедкәрімді қудалау

2023 жылдың басында 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды белсенді түрде жариялаған журналист мәжіліске сайлауалды жарыстан шығарылды.

Кейінірек полиция Мұхаммедкәрімді азаматтарды "заңсыз әрекетке" шақырды деп айыптады.

2023 жылы 22 маусымда журналист сот шешімімен қамауға алынды. Ол "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" (405-бап, 2-бөлім) және "экстремистiк әрекетті қаржыландыру" (258-бап, 1-бөлім) баптары бойынша күдікті деп танылды. Бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовпен сұхбат негіз болды. 

Өз-өзіне қол жұмсау

1 қарашада Думан Мұхаммедкәрім президент пен құзыретті органдар түрмеде ұстаудың қорқынышты жағдайларына назар аударуы үшін өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны белгілі болды. Өзінің хатында оппозициялық көзқарастар үшін заңсыз ұсталғанын жазды. Журналистің айтуынша, ол өз талаптарын білдіріп, бірнеше рет аштық жариялап, қолын кесіп тастағанымен, биліктің назарын аудара алмады.

Еске салайық, Думан Мұхамедкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.

Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.

26 мамырда босап шыққан Думан Мұхамедкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды

2 маусымда журналистің тергеу изоляторында тағы да аштық жариялағаны белгілі болды.

Көп ұзамай оның әкесі әкесі Алмаз Тілепов те ас-судан бас тартатынын мәлімдеді. Іле аудандық прокуратурасына барған Думан Мұхамедкәрімнің ата-анасы ұлдарының заңсыз ұсталып отырғанын, денсаулығы нашарлағанын айтып, оны босатуды талап етті.

Кейінірек журналистің жағдайы күрт нашарлағаны хабарланған еді.