Коллаж: ulysmedia.kz.
Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр
Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:
- Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
- Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
- отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
- педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
- суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
- балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық-зомбылықтан қанша әйел көз жұмғаны туралы мәлімет шыққан болатын.