Белгілі исламтанушы, теолог Асқар Сабдин «Адал адам» подкастына берген сұхбатында Нұрлан имам Байжігітұлын пәтуа шығаруды дұрыс меңгермеген деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Нұрлан имам пәтуа шығарудың жолдарын дұрыс меңгермеген. Бұған қатысты көптеген видео факті жетерлік. Қателік жасалуы мүмкін. Бірақ бұрысы дұрысынан көп болса, пәтуа беруге тыйым салынады, - деді ол.
Теолог дінде охлократия деген үрдіс жалғасып жатқанын айтты.
Тобырдың талабына сәйкес ғалымдардың, діни өкілдердің әрекет етуі. Тобыр сізден эмоция сұраса, эмоция бересіз. Тобыр сізден норма сұраса, сіз норманы бересіз. Жеңіл түсіндірем деп жүргенде норма шығару бетімен кетуі мүмкін. Бәрі норманы өз қалауынша шығарып кетеді. Бұл ханафи масхабында жоқ дүние. Ол шет елден келген әдіс-тәсіл. Кез келген адамға, қатардағы жүрген сарбазға генерал погонын тағу деген сөз. Тұлғалар маңызды емес, тренд қазір маңызды. Кейде мағынасыздық адамдар үшін маңызды болады, - деді Асқар Сабдин.
Нұрлан имам бұған дейін мәһр туралы пікір білдірген болатын.
Мәһр — жұбайлардың арасында өзара шешілетін нәрсе. Оған молданың еш қатысы жоқ. Кейде имамдар да ортаға кіріп кетіп жатады. Бұл — дұрыс емес, — дейді ол.
Сондай-ақ Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды.
Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өз кезегінде Нұрлан имамға алғыстарын жаудырды.
Бүгін Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің Бас имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бухари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан сон Нурлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды.
Бұл кездесу барысында - жақсы адамдардын қасиеттері, түзу жол және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздын ақ некесын қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті,– деп жазды рухани кездесуге қатысқандардың бірі.
Есаке салайық, Нұрлан қажы Байжігітұлы былтырғы мамыр айынан бастап Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы болып қызмет атқарады.