«Ескі Қазақстанның құрбандары» немесе Назарбаев отбасы тартып алған активтерді кім қайтарады

Ulysmedia

Қазақстан баяу болса да Ескі Қазақстанның өкілдері заңдастырып алған активтерді әупірімдеп қайтарып жатыр. Антикордың мәліметінше, қазірге дейін қайтарылған сома триллион теңгеге жеткен. Мұны сырттай бақылай отырып, екі сөзге келмей, байлығыңды тартып алатын «ескіқазақстандықтардан» зардап шеккен кәсіпкерлер сәт сағаты туды деп шешсе керек.

Олар ендігі кезекте, «Ескі Қазақстанның құрбандары» атты қоғамдық ұйым құрып, бұрынғы гвардиядан қиянат көргендердің қақын дауламақ ниетте.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Ескі Қазақстанның құрбандары»

Алматыда кәсіпкерлер, қоғам өкілдері мен заңгерлер баспасөз мәслихатын өткізіп, "Ескі Қазақстанның құрбандары" атты үкіметтік емес ұйымға бірігу ниеті барын мәлімдеді.

"Абли Құрылыс" ЖШС иесі Шолпан Каранеева, "АЗИЯ ТПК" ЖШС тең иесі Нұрлан Бимурзин, қоғам өкілі Жарқын Күрентаев, заңгер Асқар Өтешов, адвокат Байназар Дайрабаев және "Титаник" ТК және "Манхэттен" ТК тұрғындарының заңгері Айна Дүйсейкова "бір ту астында" жиналуға не түрткі болғанын айтып берді. Олардың айтуынша, аталған кәсіпкердің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерінің ашкөздігінің құрбаны болған.

Мәселен, Нұрлан Бимурзин 2003 жылы экс-президенттің кіші қызы Әлияның кесірінен 170 миллион долларлық бизнесінен айырылғанын мәлімдеді. Шолпан Каранеева өз тарихын айтып берді. Сөзінше, Алматыдағы Hilton қонақ үйі өзіне тиесілі болған. Бизнесвуменнің айтуынша,  оны Қайрат Сатыбалдыұлы тартып алған. Кейін қамауда отырған кезінде Сатыбалдыұлы қонақ үйді мемлекетке өткізген. Айна Дюсейкова "Титаник" тұрғын үй кешені мен "Манхэттен" тұрғын үй кешенінің үлескерлері Назарбаевтар кланының бейберекетсіздігінен қалай зардап шеккенін айтып берді.

Жаңа Қазақстанға көмек

Осының бәрі баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардың айтуынша бірігіп, Жаңа Қазақстанға көмектесуге бағытталған қоғамдық бірлестік құруға жеткізген. Кәсіпкерлер бұл күрестің оңай болмайтынын, "Ескі Қазақстанның" өкілдері байлығымен қоштасуға асықпайтынын айтады.

– Біз бірігу жөнінде шешім қабылдадық, өйткені басқа жол көріп тұрған жоқпыз.

– Біз қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етеміз әрі қылдай болсын бір нәрсені өзгертуге тырысамыз. Біз экономикалық және әлеуметтік белсенді пункттермен айналысамыз. Егер жетістікке жетсек, дұрыс әрекет етсек, онда біз өте қоғамның қолдауына ие боламыз. Біз ол қолдауға ие болатынымызға сенімдіміз. Менің ойымша, партия құруға да жарты-ақ қадам қалды, – дейді Жарқын Күрентаев.

Жиналғандар кейбір адамдардың мемлекеттік органдарда д әділдікке қол жеткізе алмай келе жатқанын айтады. Сондықтан өздерін әділет жолы үшін бірігіп жатырмыз деп есептейді.

Президенттің қолдауымен…

Ұйымға біріккендер осы уақытқа дейін Ескі Қазақстанның мұрасымен күрес тек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке патронажымен ғана жүргізіліп жатқанын айтады. Құқық қорғау органдары оларды тергеуді бастауы үшін президенттің өзіне атышулы істерді бақылауға алуына тура келеді. Мысал ретінде Нұрлан Бимурзин өз жайлы былай баяндайды: айтуынша, құқық қорғау органдары Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Берік Асыловпен кездескеннен кейін ғана оның бизнесін рейдерлік басып алу фактісін тергей бастаған.

– Сондықтан бірігіп, біз президентке жетіп, бизнесімізде қатысты болып жатқан әділетсіздікті көрсетуіміз керек, - дейді спикерлер.

- Егер бизнеске деген қарым-қатынас осылай жалғаса берсе, біздің елімізде не болады? Сондықтан біз президентке жүгінуді жоспарлап отырмыз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз сізден не болып жатқанына назар аударуды, бізді қабылдауды және дәлелдерімізді тыңдауды сұраймыз. Сіз араласпай ештеңе өзгермейді!

Қазір кәсіпкерлер мен белсенділер қоғамдық ұйымды ресми түрде тіркеу үшін құжаттарын дайындап жатыр.