Елжан Біртанов әріптестерін педиатрлар күнімен құттықтады

Ulysmedia

Бүгін – дүниежүзілік педиатрлар күні. Экс-министр Елжан Біртанов әріптестерін педиатрлар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: facebook.com/byelzhan

«Құрметті әріптестерім- балалар дәрігерлерін Халықаралық педиатр күнімен құттықтаймын. Сіздерге және пациенттеріңізге зор денсаулық, еңбек жолында шыдамдылық, ерік-жігер, бақ-береке мен өркендеу тілеймін!» - деп жазды экс-мнистр Елжан Біртанов Фейсбук парақшасына.

Еске сала кетсек, экс-министр 2020 жылдың 7 қарашасынан бері үйқамақта отыр. Оған тергеу органдары әу баста бюджеттің ірі көлемдегі қаражатын ысырап етті деген айып таққан. Алайда кейін айып «Қызметтік уәкілеттігін асыра пайдалану» бабына өзгертілді. Сот отырыстарында Елжан Біртанов бірнеше рет ешқандай жемқорлыққа қатысының жоқтығын мәлімдеген. Экс-министр қызметін асыра пайдаланғаны туралы айыппен де келіспейді.