Әйгілі әншісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасына видео жариялап, әлеуметтік желіні бір шулатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«...Бұзатын кездерім болады»
Әнші халықтың 10 пайызы өзін «оңбаған, әнші емес, алқаш» дейтінін айтты.
Құрметті мені жақсы көретін жандар! Жек көретін жандарға да сәлем беріп қояйын. Жалпы, мен өмірге разымын. Әрбір күнім үшін Аллаға шүкір. Мені даттасаңыздар да жамандасаңыздар да өздерің біліңдер. Шөптің басы бекер қимылдамайды. Жалпы мен өмірге ризамын, әрбір күнім үшін Аллаға шүкір деймін. Ешкімге ренішім жоқ. «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой, анда-санда бұзып қой» деген сияқты бұзатын кездерім болады. Сіздер, 90 пайызыңыз мені кешіресіздер, 10 пайызыңыз «оңбаған, әнші емес, алқашсың» дейсіздер, - дейді әнші.
«Ал, түсініп алыңыздар»
Ол өзін тамағы мен шайын ішіп, үйін жөндеп жүрген әйел екенін жеткізді.
...Мен қырылдап тұрсам ішіп алды дейсіздер, ауырып, дауысым бұзылып кетсе, тағы да ішіп алды дейсіздер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағым мен шайымды ішіп, үйімді жөндеп жүрген әйелмін. Әйел емес, қатынмын. Ал түсініп алыңдар, – деді әнші.
Оқи отырыңыз: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің асына неге бармады