Кәсіпкер «Күшіміз бірлікте» қорына 500 миллион теңге аударды

Ulysmedia

Қазақстандық кәсіпкер, меценат, «ҚазАзот» АҚ директоры Бахаридин Әбләзимов «Күшіміз бірлікте» зардап шеккен бизнесті қолдау қорының шотына өзінің және қызметкерлер атынан 500 миллион теңге аударды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы телеграм-арналардың бірінде жазылды. Айта кету керек, бұл қаражат комиссия шешімінен кейін нысандары талан-таражға түсіп, қираған Алматының да, басқа облыстардың да кәсіпкерлеріне бөлінетін болды. Барлық қаржылық операциялар цифрландырылатын болады. Аталған қор түскен және бөлінген қаражаттың ашықтығына кепілдік береді.

Қаржылай көмек көрсетемін деушілер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің байланыс орталығына хабарласа алады: 8775 1261839; 8778 410 1758; 8777 947 00 77 - Бауыржан Оразғалиев, Аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласы