Атырау облысындағы мұнай-газ кен орны — Теңіз маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпулері 11:44-те болған. Магнитудасы — 4,2.
azh.kz басылымының мәліметінше, жер сілкінісі туралы жергілікті жұмысшылар да хабарлаған.
Куәгерлердің айтуынша, жер асты дүмпуі шамамен 5 секундқа созылған.