Қазақ қызы Гарвардта сабақ беретін болады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Гарвард университетінің қазақстандық түлегі Әсел Амангелді беделді оқу орнында сабақ беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әсел Амангелді Гарвардта сабақ беретінін хабарлады.

- Өткен жылы Гарвардтағы ең ұнатқан курстарымның бірі – «Білім берудегі инновациялар» болды. Оны Майкл Хорн оқытты – білім беру технологиялары саласындағы ең ықпалды сарапшылардың бірі, «Disrupting Class» бестселлерінің авторы және Clayton Christensen Institute негізін қалаушы. Биыл менің оған Teacher Fellow болу құрметіне ие болғаныма қуаныштымын, – деді түлек.

БҰЛ ҚАНДАЙ ПОЗИЦИЯ

Бұл – академиялық позиция, оның аясында Әсел:

  • сабақ өткізуге көмектеседі

  • кейстермен жұмыс істейді

  • студенттерді оқыту процесіне қатысады

  • Гарвардтың оқытушылар командасының бір бөлігі болады.

- Менің АҚШ-та негізгі жұмысым, сонымен қатар ағылшын мектебім мен блогым бар. Бірақ мұндай мүмкіндіктен бас тарту мүмкін емес еді. Гарвардта сабақ беру – сирек мүмкіндік, әсіресе әр сабағы ерекше қойылымға айналатын профессордың жанында. Бұл мен үшін оның курсын қайтадан өтіп, білімімді жаңартып, әрі қарай дамуға мүмкіндік. АҚШ-тағы екі маңызды жұмысты, мектебім мен блогымды қалай қатар алып жүретініме алаңдаймын, бірақ бар күшімді саламын және үлкен жұмысқа дайынмын. Жалпы, биыл да ең жақсы көретін екі профессорыммен жұмысымды жалғастырып жатқаныма қатты қуаныштымын. Өткен жылы олармен қоштасқым келмеген, өйткені күн сайын өсіп, көп нәрсені үйреніп жүргенімді сезінетінмін. Енді олардың сенімін ақтап, лайықты нәтижелер көрсеткім келеді. Достар, тіпті ең керемет армандар да орындалады. Бірі бір жыл еңбектен кейін, бірі бес жылда, бірақ бәрібір шындыққа айналады. Ең бастысы – арманнан бас тартпау және еңбектену, – деп түйіндеді ол.

СҰҚБАТ

Айта кеетйік, бұған дейін Әсел Ұлыстың “Америкадағы қазақтар” жобасында сұқбат берген болатын