"Әдемі, бірақ қымбат қала" - Жаңа Зеландиядан келген турист Алматы туралы

Сырым Қаржас
видео кадры

Жаңа Зеландиядан келген турист Алматы мен Жаңа Зеландиядағы бағаларды салыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа зеландиялық туристің жергілікті блогерлердің біріне берген қысқа сұқбаты әлеуметтік желілерде таралып, танымал болып жатыр. Ер адамның айтуынша, Алматыдағы өмір сүру құны Жаңа Зеландиямен салыстыруға болады.

– Алматыда бәрі өте қымбат. Бұл әдемі, заманауи қала, бірақ бағасы тым жоғары. Ал мұндағы халықтың табысы қандай? Мұндағы баға Жаңа Зеландиядағыдай, кейде одан да қымбат, – деді Брюс.

ҚАЗНЕТ НЕ ДЕЙДІ

Threads қолданушыларының кейбірі Жаңа Зеландияда жан басына шаққандағы ЖІӨ шамамен 48 мың доллар екенін, ал Қазақстанда – 14 мың доллардың төңірегінде екенін атап өтті. Сонымен қатар, Жаңа Зеландияда жалақы бірнеше есе жоғары, бірақ азық-түлік, баспана мен қызмет көрсету бағасы «тіпті бізден төмен» деп жазды.

– Парадокс мынада: қазақстандықтар төмен жалақымен дамыған елдердегідей бағамен өмір сүреді. Күн сайын нан, ет, көкөніс, жалға алу ақысы, бензин, дәрі-дәрмек қымбаттап жатыр. Ал жалақы өзгермейді. Халық күнін көруде, ал шенеуніктер «экономиканың өсімі» туралы есеп беріп жүр, – деп жазды Сандыбай Батырбек.