Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті

Аян Өрібай

Бұл жөнінде ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы жарақат алған адамның жағдайы ауыр екенін жазады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда», - дейді ол.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.

«Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін хабарлаймыз», - дейді ол.