ШҚО-ның бірнеше елді мекені жарықсыз қалды

Ғалиасқар Думан

ШҚО-ның бірнеше елді мекенінде 2-3 қарашада электр қуаты апатты жағдайда сөндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

YK-news.kz-тің жазуынша, тұрғындардың жарықсыз қалуына қатты жел мен борап жауған қар себеп болған.

Мысалы, Зайсанда электр энергиясы үш рет сөніп қалды, оның бірі өткізу изоляторларының зақымдануы салдарынан болды. 

Ал 2 қараша күні кешке қардың салдарынан Серебрянск қаласы мен Александровка ауылының тұрғындары жарықсыз қалды. Бір сағаттан кейін энергиямен жабдықтау қалпына келтірілгені хабарланды.

Сонымен қатар, Глубокое және Тарбағатай аудандарындағы демалыс базаларында электр қуатының сөнуі тіркелді.

Айта кетейік, 30 қазанға қараған түні Астанадағы 100 мың абонент жарықсыз, сусыз, жылусыз қалды. 

Төтенше жағдайдың себебін түсіндірген Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов қалада күрделі коммуналдық проблемалар жоғын айтып, апатты "жай ғана форс-мажор" деп атады.