«Семей орманына» өрт қоюға дайындық: қылмыстық іс қозғалды

Ғалиасқар Думан

Абай облысының прокуратурасы "Семей орманы" МОТР" РММ алқабын өртеуге арналған дайындамаларға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

azh.kz

Еске салайық, бұдан бұрын Семейде орман ішінен от қою үшін дайындалған құрғақ бұталар мен жеңіл көліктің резеңкелері табылғаны хабарланған.

Аталған дайындамаларды уәкілетті орган "Семей орманы" МОТР" РММ-нің Семипалатинск филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында рейдтік іс-шаралар барысында тапқаны белгілі болды.

“28 қазанда №172 және №1175 кварталдарында "Қарағай" тұқымдас ағаштардың  астында 3 дана "Шатыр" тәрізді құрылыс дайындамалары және бірнеше дана дөңгелектен құрсым орнатылды, осындай факт қарашада №1 кварталда табылды, олар сол жерде дереу бөлшектелді”, – деп мәлім етті прокуратура.

Ведомство қазіргі уақытта Семей қаласының полиция басқармасы анықтаған дайындамалар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.